• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 11:17

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды

20 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазды Egemen.kz.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.

«Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады», делінген хабарламада.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін). Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).

Қазақстанның барлық өңірінен үздік деп танылған 20 отбасыға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

«Мерейлі отбасы-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Айта кетейік, осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады. Толық ақпаратты +7 (7172) 74-10-52, 74-01-62 телефон нөмірлері арқылы білуге болады. 

Еске салайық, былтыр аталған конкурстың жеңімпаздарын Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев  құттықтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар