• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Бокс 13 Наурыз, 2025

Виктория Графеева өзбек боксшысынан басым түсті

44 рет
көрсетілді

Бокстан Сербияның Ниш шаһарында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында отандасымыз жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

60 келідегі Виктория Графеева 1/4 финалда Париж Олимпиадасының қатысушысы, Өзбекстан боксшысы Ситора Тұрдыбекованы жеңді.

Қарсыласын екінші раундта бір рет нокдаунға да түсірген Қазақстан боксшысы дистанция, жылдамдық, дәлдік бойынша әлдеқайда басымдығын көрсетті. Есеп: 5:0.