• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Бокс 02 Сәуір, 2025

World Boxing: 4 боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

52 рет
көрсетілді

Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогінің екінші жарыс күнінде 4 отандасымыз қарсыласына есе жіберіп, біреуі келесі кезеңге өтті, деп жазады Egemen.kz.

54 келіде Анита Адишева алғашқы жекпе-жегінде польшалық былғары қолғап шеберіне 0: 5 есебімен жеңілді. 

60 келіде шаршы алаңға шыққан Талғат Сырымбетов жергілікті боксшыдан айласын асыра алмады. 

50 келіде Нұрзат Оңғаров өзбекстандық боксшыдан 5: 0 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады. 

65 келіде Алмат Абдуали бразилиялаққа жол берді. 

Тек +90 келіде Даниал Сапарбай Үндістан өкілінен 3: 2 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды.