• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Медицина 09 Сәуір, 2025

Қызылордада 7 мың адам АПВ екпесін алды

70 рет
көрсетілді

Әлемнің 135 елінде тәжірибеге енген Адам папиллома вирусына қарсы вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеген.  Әйелдерді жатыр мойны обырынан қорғайтын екпе олардың бала туу қабілетіне әсер етпейді.

Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымованың айтуынша вакцинаны 9-14 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында қолдану барынша тиімді.  

«Бүгінде облыс бойынша 7 241 жасөспірім қыз АПВ екпесін алды, Адам папиллома вирусының 200-ден астам түрі бар. Оның кем дегенде 14-і жоғары онкогенді, шырышты қабаттар арқылы таралып, көп жағдайда жатыр мойны обырын, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін. Оны емдеудің тиімді әдісі – вирусқа қарсы вакцина салдыру екені ғылыми дәлелденген», – дейді ол.

Мамандардың айтуынша вакцина қауіпсіз және құрамында вирус ДНҚ-сы жоқ. Екпе он жылға дейін әсерін жоғалтпайды.

Қызылорда