• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 10:58

Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді

20 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комиссия мүшелерінің шешімімен бұл қызметке Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы Нұркен Нұратовтың кандидатурасы мақұлданды.

Үміткердің спорт саласындағы тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірлік спортты дамытуға қатысты көзқарасы жан-жақты талданып, оң баға берілді.

Серік Сәпиевке орынбасары қол көтерді

Айта кетейік, өңірлік спорт басқармаларының басшылары жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен тағайындалады. Ал соңғы шешім  Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның келісімінен кейін қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалған еді. 

Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті деген жағдайға байланысты пікір білдірді

Кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев шенеуніктердің арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар