• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Есірткі 10 Сәуір, 2025

Қазақстанда бұрынғы футболшы есірткімен ұсталды

90 рет
көрсетілді

Полицейлер Шымкентте бұрын жергілікті командалардың бірінде ойнаған шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің мәліметінше, ер адамнан 1,5 келі синтетикалық а-PVP есірткісі тәркіленген. Ол тыйым салынған затты Telegram мессенджері арқылы таратқан.

«Ұсталғанның Орталық Африка Республикасының азаматы екені анықталды. Ол Қазақстанға 2020 жылы жұмыс іздеп келген және бұрын жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған», делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.