• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс 13 Сәуір, 2025

Оралда 33 жастағы тұрғын адамдарды қорқытып, ақша бопсалаумен айналысқан

0 рет
көрсетілді

Орал қаласында адамдарды қорқытып, ақша бопсалаумен айналысқан 33 жастағы тұрғын ұсталды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, өзін әйел ретінде көрсетіп, жәбірленушілермен танысқан.

- Кездесуде өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, олардың іс-әрекеті заңсыз екенін айтып, қорқытып, ақша бопсалаған. Осылайша, жәбірленушілер оған 3 млн теңгеден астам ақша берген. Күдікті қолға түсіп, 3 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Жалпы, БҚО-да интернет-алаяқтық қылмысы 27,7 пайызға өскен.