Белгілі журналист Бақытжан Омаров Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бақытжан Омаров 1987 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясында редакторлықтан бастап, 2009-2012 жылдар аралығында осы корпорацияда түрлі қызмет атқарған.
2012-2025 жылдары Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы телерадиокорпорациясында жаңалықтар жүргізушісі, «Хабар-24» телеарнасының бас редакторы, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Түрксой ұйымындағы өкілі болып еңбек еткен.
2025 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарып келген еді.