• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2025

Ақтөбе облысында 166 дәрігер жетіспейді

0 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында 110,  ал елді мекендерде 56 дәрігерлік орын бос тұр. Былтыр ауылдарға жіберілген 15 маманға 3  млн теңге, 25 маманға 8,5 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.  Бұл жөнінде  облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында  денсаулық сақтау  басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі кезде өңірде  мемлекеттік 38 емдеу мекемесі  тіркелсе, биыл  761 мыңнан астам тұрғын медициналық сақтандыру арқылы дәрігерлік көмек алады. Жыл басында науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге   республикалық бюджеттен 9,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен  549 млн теңге бөлінді. Жағымды жаңалық –осы жылы  пайдалануға берілетін 23 медициналық нысанның 15-і жаңадан салынып жатса,  8 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өңір басшысы облыс орталығындағы күрделі жөндеуге келмейтін, әбден тозған ғимараттарда отырған  медицина мекемелерінің орындарын  ауыстыруды  қолға алуды тапсырды.