Қостанай облысында осымен 21-ші рет дәстүрлі «Алтын микрофон» аймақтық әншілер байқауының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мысалы, Арқалықтың жас өнерпаздарына арналған қалалық байқау жергілікті жасөспірімдер театрында өтті. Өнер сайысына қатысқан жас әншілердің вокалдық қабілетін кәсіби әншілерден құралған қазылар алқасы бағалады. Іріктеу кезеңнен өткен балалар облыстық байқауға жолдама алады.
Аталған байқау жас таланттарды анықтап, қолдау көрсетуді көздейді. Қазылар алқасының құрамында кәсіби музыканттар, вокал педагогтері мен мәдениет саласының өкілдері бар.
Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары облыстық байқауда бақ сынап, одан әрі тамыз айында өтетін халықаралық ән байқауына жолдама алады.