• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ 18 Сәуір, 2025

Әскери қызметші майдангерлерге арнап символдық қашықтыққа жүгірді

0 рет
көрсетілді

Жеңістің 80 жылдығына орай Астана 1 өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімі 1-ші мотоатқыштар ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Тимур Ержанов 80 шақырымға жүгірді, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Шешенқара кентінде басталып, өз әскери бөлімінде мәреге жеткен марафонын ол қаза тапқан майдангерлер мен көзі тірі ардагерлерге арнап отыр.

Бөлім басшылығы мен командаға қолдауы үшін рахмет айтқан Тимур Ержанов жүгірумен көптен бері айналысады екен. Мәре сызығында таңқаларлықтай сергек көрінген оның айтуынша 80 шақырым өзіне аса күш түсірмеген. Ол енді  200 шақырым жүгіруді жоспарлап отыр.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 7 сағат 21 минут 11 секундқа созылған жүгіріс кезінде марафоншыға әр 10 шақырым сайын ауысып отырған әріптестері қолдау көрсетті. Әйтсе де Т.Ержанов негізгі қашықтықты өз күшіне ғана сүйене отырып еңсеріп шыққан.

«Осы қашықтықты жүгіру арқылы жігерлі мінезіңізді, жауынгерлік рух пен төзімділігіңізді көрсеттіңіз. Сіз сияқты сарбаздарға үлгі болатын нағыз патриоттар бар екенін мақтан тұтамыз», деп атап өтті 31775 әскери бөлімінің командирі подполковник Марат Бралинов.