• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Сәуір, 2025

Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі ішінара жабылады

0 рет
көрсетілді

19-25 сәуір аралығында Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Сарайшық/Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығынан Ф.Оңғарсынова көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты аталған кезеңде жол учаскесі ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше биыл қалада барлығы 60-тан астам көше жөнделеді. Олардың ішінде: - Жаңақоныс көшесі А. Кенжиннен Д. Бабатайұлына дейін; - Қарталы көшесі Оқжетпес көшесінен М. Дулатов көшесіне дейін; - Алаштас жолы 191-көшеден айналма жолға дейін; - Қорғалжын тасжолы (тротуарлар орнату) - Абылайхан даңғылы Б. Момышұлы даңғылынан Манас көшесіне дейін; - Жұмабаев көшесі Б. Момышұлынан Қошқарбаев даңғылына дейін; - С.Сейфуллин көшесі Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін және т.б.

Сондай-ақ, құрылыс аясында жобаларды іске асыру жоспарланған: - Қ.Қайсенов көшесін Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін салу; - Бұқар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін салу; - Мирас мектебінен М.Жұмабаев көшесіне дейін Күйші Дина көшесінің құрылысы және т.б.