• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Сәуір, 2025

Шерзат Болаттың әкесі не себепті қолына пышақ алғанын түсіндірді

0 рет
көрсетілді

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот отырысында қайғылы оқиға болған күні полиция мен жедел жәрдем шақыруға тырысқанын, алайда «102» мен «103» нөмірлеріне қоңырау шалғанымен, байланыс орната алмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, дүкен маңына бір топ адам жиналған соң, ол бірден тәртіп сақшылары мен дәрігерлерге хабарласуға тырысқан, алайда еш нәтиже болмаған.

Кейін дүкенге үш жас жігіт кірген. Солардың бірі – қазір сотталушы ретінде жауап беріп жатыр. Олар сыра сатып алуға келгендерін айтқан. Нұрымов та дүкенге кіріп, бірақ жабылатынын жеткізген. Сол сәтте сырттан әйнек сынғандай дауыс естілген.

«Дүкенге үш жігіт кірді. Олар сыра алғымыз келеді деді. Мен дүкен жабылады дедім. Сол кезде сырттан әйнектің сынған дыбысы шықты. Мен қолыма пышақ алдым. Өйткені Нұрбол: «Біз – хуторлықтармыз»,  дегенде, алаңдай бастадым. Біз олардың мәселені сөзбен емес, бірден күшпен шешетінін естіп жүрміз. Ауылда ондай жағдайлар болған – топтасып келіп, балаларды соққыға жыққан, пышақтап кеткен кездер де бар. Біздің көршімізді де хуторлықтар бірде пышақтап, кейін атып кеткен. Мен балаларды қорғау үшін пышақ алып шықтым, деді Қаржаубай Нұрымов.

Айта кетейік, бұл іс қазіргі уақытта сотта қаралып жатыр.