• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Сәуір, 2025

Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болды

0 рет
көрсетілді

Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болып, оқиға видеоға түсіп қалған. Төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жағдайға қатысты Астана қалалық ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның хабарлауынша, төбелеске қатысқан тұлғалар анықталып, ұсталды.

- Қазіргі таңда бұзақылық мақсатында денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген ПД хабарламасында.

Сонымен қатар, тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Істің барысы Алматы ауданы Полиция басқармасының бақылауында.