• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Сәуір, 2025

Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері

0 рет
көрсетілді

Шолу мағлұмат сала министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спорттық гимнастика: Дохада (Қатар) өткен Әлем кубогі кезеңінде Милад Карими керме және еркін жаттығуда топ жарса, Нариман Құрбанов ат снарядында қола медаль иеленді.

Әуесқой бокс: Бакудегі «Жібек жолы» турнирінде Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 12 қола жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ Ресейде өткен турнирде отандастарымыз 2 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль еншіледі.

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында WTT Youth Star Contender Metz турнирінде топ жарды.

Шахмат: Грекияда рапидтен юниорлар арасындағы әлем біріншілігінде отандық шахматшылар 6 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

Велотрек: Гонконг қаласында (ҚХР) велотректен өткен Hong Kong International Track Cup халықаралық турнирінде ұлттық құрама спортшысы Рамис Дінмұхаметов омниум бағдарламасында мәре сызығын бірінші болып кесті.

Каратэ: Каирдегі Премьер-лига бәсекесінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

Ат спорты: Ташкентте Әлем кубогі кезеңінде ұлттық құрама спортшысы Ксения Баталова екі күміс жүлде олжалады.

Көркем гимнастика: Бакуде Әлем кубогінде Қазақстан құрамасы 5 лента жаттығуында 21.850 ұпай жинап, қола жүлде еншіледі.