• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Сәуір, 2025

Маңғыстаудағы мектеп асханаларын тексеру басталды

0 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мектеп асханаларында балалардың топтық улану жағдайларын болдырмау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратураның бірлесуімен Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңір бойынша тексеруге 72 нысан іріктеліп алынып, қазіргі уақытта оның 14-і – мектептердің ас блогы қамтылған.

Оқу-ағарту және денсаулық сақтау министрліктері, Бас прокуратура және басқа да мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Бұл топ мектептегі тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улану жағдайларын тергеп-тексеру мақсатында жұмыс атқарып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінен жұмыс тобына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің мамандары, сондай-ақ ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының сарапшылары енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беретін мектебінде 12 оқушы тамақтан соң инфекциялық ауру белгілерімен медициналық көмекке жүгінген болатын. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру басталып, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік жанынан арнайы штаб құрылған.