• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Туризм 21 Сәуір, 2025

Былтыр Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген

0 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы елімізге ең көп турист Қытайдан келген. Кейінгі орындарда Үндістан, Түркия, Германия, Оңтүстік Корея мемлекеті тұр. Бұл ТМД мемлекеттерін есепке алмағандағы көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.

Өткен жылы Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, турист болып 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Оның ішінде 10,4 млн адам елімізде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енген. Ресми статистикаға сай шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі - 4 күн.

Санамаласақ,  2024 жылы Қазақстанға Қытайдан  655 мың, Үндістаннан 146 мың, Түркиядан  130 мың адам  саяхаттаған. 

2024 жылы елімізге 92 мың германиялық турист келген. Олар Қазақстанның этнотуризм, табиғи және мәдени нысандарына ерекше қызығушылық танытқан.

Ал Оңтүстік Кореядан 40 мыңға жуық турист елімізде болған. Министрлік аталған елдерден туристердің көп келуін екі ел арасында визасыз режимнің енгізіліп, әуе қатынастарының артқанымен байланыстырып отыр.