• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Сәуір, 2025

«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

70 рет
көрсетілді

Бас бапкер Константин Горовенко өз еркімен қызметінен кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

48 жастағы қазақстандық маман маусым басталар алдында команда тізгінін қайта қолға алған. Алайда, олардың маусымдағы нәтижелері көңіл көншітпеген. Чемпионат пен кубок аясында өткізілген жеті ойында команда небәрі бір рет жеңіске жеткен.

Қазіргі уақытта «Атырау» турнир кестесінде 3 ұпаймен 13-орында тұр.

Айта кетейік, команда бас бапкерінің міндеті уақытша Денис Мамоновқа жүктелген.