• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2025

Бас прокуратура Дина Таңсәрінің Черногориядан пана сұрағанын мәлімдеді

50 рет
көрсетілді

14 сәуір күні кешке Дина Таңсәрі өзінің Черногорияда ұсталғанын, полиция бөлімінде екенін және оны экстрадициялау ісі 15 сәуірде өтетінін айтқан еді. 15 сәуірде Черногория билігі NeMolchi.kz қорының басшысын қамаудан босатқаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Агенттіктің хабарлауынша, 15 сәуірде Черногория соты Дина Таңсәріні бұл елден баспана сұраған өтініші қаралмағандықтан қамаудан босатқан.

«Қазақстан Республикасы мен Черногория Республикасы арасында ұстап беру туралы халықаралық шарт болмағандықтан, оны экстрадициялау туралы шешімді Черногорияның құзыретті органдары олардың ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды», деп хабарлады Бас прокуратура.

Қазіргі таңда Қазақстанда Дина Таңсәріге қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу мерзімі үзілді.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменті Дина Таңсәріге қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғу, оның ішінде екі алаяқтық фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғап, тергеп жатқаны белгілі болды.