• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2025

Батыс Қазақстанға «Генералдар кеңесі» келді

70 рет
көрсетілді

Жеңістің 80 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері, генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсекұлы бастаған «Генералдар кеңесі» арнайы сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Делегация құрамында генерал-майорлар Махамбет Мұстафа Қанапияұлы, Отарбаев Шаймурат Шәукетұлы, Сералиев Әлібек Болатович, Битимов Өміртай Макашұлы, Рахимжанов Төлеген Шаймерденұлы бар.

Мәртебелі меймандар Орал қаласындағы Жеңіс алаңында БҚО Полиция департаментінің жеке құрамымен бірге сап түзеп, Мәңгілік алауға гүл шоғын қойды. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік пен батырлықтың символына айналған боздақтар рухына тағзым етті.

Салтанатты рәсім кезінде генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсекұлы БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевті және Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменовті Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің естелік төсбелгісімен марапаттады.

Шара соңында Полиция департаментінің жеке құрамы салтанатты сап түзеп, шеру жасап өтті.