• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2025

Келінді араластырмаңыздар! Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің әкесі мәлімдеме жасады

150 рет
көрсетілді

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан күдікті Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

- Құрметті қазақстандықтар, Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Біздің отбасымыздың атынан 21 сәуір күні орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сіздерге үндеу жолдауды жөн көрдім.

Ата-ана үшін бұл жағдай — нағыз ауыр соққы болды. Бүгінге дейін ұлымыз Ернардың осындай қиын жағдайдың ортасында қалғанына сене алмай отырмыз.

Осы оқиғаға байланысты шын жүректен өкінішімізді білдіреміз. Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Біз тергеу мен соттың барлық жағдайды әділ, жан-жақты қарастыратынына сенім артамыз. Баршаңызды сабырға шақырып, нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз.

Ең бастысы – бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз. Ол Руслан Берденовті бұрын-соңды көрмеген де, танымайды да, - делінген мәлімдемеде.

Ол осы қиын күндері қолдау білдіріп жатқан жандарға шексіз алғыс білдіреді.

- Алда бізді ауыр кезең күтіп тұр, дегенмен әділдік пен адамгершілік жеңеді деп үміттенеміз, - деген Жиембай Пралиев.