• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:38

Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

30 рет
көрсетілді

Астанадағы LRT жобасына жұмсалған түпкілікті қаржы көлемі белгілі болды. City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, жобаның құны 2016 жылдан бері өзгермеген, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, LRT құны 1,8 млрд долларды құрайды. 

«Жалпы сома өзгерген жоқ. Сонымен қатар техникалық сипаттамалар жақсартылып, пойыздардың моделі мен дизайны жаңартылды. Сондай-ақ LRT желісі бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілді», деді CTS басшысы баспасөз туры барысында.

Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды

Асылбек Дүйсебаев жоба өзін толық ақтамайтынын да айтты. Оның сөзінше, қоғамдық көліктер үшін бұл әлемдік тәжірибеде қалыпты жағдай саналады. 

Бұған дейін City Transportation Systems басшысы Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі 16-17 мамыр күндері іске қосылатынын хабарлаған болатын.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар