Цифрлық әлемде киберқауіп өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алаяқ, хакер, вирус дегендер әр бұрышта торуылдап жүр. Дегенмен қарапайым цифрлық гигиена ережелерін сақтау арқылы тәуекелді барынша азайтуға болады. Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төмендегідей түсіндіреді.
Күрделі құпиясөздерді қолданыңыз. Адам есімі, туған күні сынды қарапайым құпиясөздер – қаскөйлер үшін оңай олжа. Қауіпсіздік мақсатында келесі кеңестерді ұстаныңыз:
Құпиясөз кемінде 12 таңбадан тұруы керек; Бас және кіші әріптерді, сан мен арнайы белгілерді араластырыңыз; Бір құпиясөзді бірнеше қосымшада қолданбаңыз. Құпиясөзді 6 ай сайын өзгертіп отырыңыз.Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз. Бұл – қосымша қорғаныс деңгейі. Ол сіздің аккаунтыңызға кіру үшін құпиясөзден бөлек, SMS немесе Google Authenticator секілді қолданбадан алынатын бір реттік кодты енгізуді талап етеді.
Хаттар мен сілтемеге мұқият болыңыз. Фишинг – деректерді ұрлаудың ең кең таралған әдісінің бірі. Алаяқтарды қалай тануға болады?
Жіберушіні тексеріңіз – күмәнді мекенжай мен әріп қателері (мысалы, @gmail.com орнына @gma1l.com) алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін. Күдікті хаттардағы сілтемеге өтпеңіз, бейтаныс файлдарды жүктемеңіз.Бағдарламалық жасақтаманы үнемі жаңартып отырыңыз. Операциялық жүйенің, браузерлердің және қолданбалардың жаңартулары хакерлер пайдалана алатын осал тұстарды анықтауға көмектеседі. Сондықтан жаңартуларды кейінге қалдырмаңыз.
Антивирус қолданыңыз. Антивирус қауіпті файлдарды анықтайды.
Ашық Wi-Fi желілерін қолданбаңыз. Кафелер мен қоғамдық орындағы тегін интернет желілері көбіне қорғалмайды.
Цифрлық қауіпсіздік – бір реттік әрекет емес, күнделікті дағды болуы тиіс. Қарапайым цифрлық гигиена ережелерін сақтау деректеріңізді, қаржыңызды және жеке ақпаратыңызды киберқылмыскерден қорғауға көмектеседі.