• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Сәуір, 2025

Алтыншы алтынға қол жеткізді

30 рет
көрсетілді

Милад Карими Мысыр астанасы Каирде өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл оның биылғы маусымдағы алтыншы жеңісі болды.

Кермедегі жаттығуда Карими 14.466 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Кипрлік Мариос Георгиу (14.066 ұпай), ал үшінші орынды швейцариялық Ноа Сейферт (13.866 ұпай) еншіледі.

Бұған дейін Милад еркін жаттығуда да алтын медаль иеленген болатын. Осылайша, Каирдегі жарыста екі алтын медаль жеңіп алды.

Жалпы, Милад Карими спорттық мансабында әлем кубогы кезеңдерінде тоғыз рет чемпион атанды.