• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Білім 29 Сәуір, 2025

10 мыңнан астам оқушы пән олимпиадасында бақ сынайды

30 рет
көрсетілді

Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиадада аудандық және қалалық кезеңдерден іріктелген 10 758 оқушы жүлдеге таласады.

Бүгін білім бәйгесі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтіп жатыр. Ал 30 сәуір күні балалар қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер негізінде білімін сынайды. Осы кезең үздіктері 18-21 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін респубикалық олимпиадаға жолдама алады.