Сот барысында тағы бір куәгер — Дарханның басқа бір сыныптасы, Жәнібек Әмірақын жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол қазіргі уақытта Талғар аудандық патрульдік полиция қызметкері ретінде жұмыс істейді. Жәнібек оқиға орнына шұғыл шақырту бойынша барғанын, жедел іздестіру кезінде Volkswagen Golf маркалы көлікті тауып, Дархан Әскентайды ұстағанын және оны аудандық полиция бөлімшесіне жеткізгенін баяндады.
Айта кетейік, бұл атышулы іске қатысты бесінші сот отырысы. Бұған дейін жәбірленушілерден жауап алынған болса, қазіргі уақытта куәгерлердің сөздері тыңдалып жатыр. Кеше Эльмира Нұрбекованың берген жауабына қатысты прокурор тарапынан күмән келтіріліп, оның жауабын күмәнді деп тану ұсынылған болатын. Алайда бұл мәселе бойынша сот төрағасы әзірге нақты шешім қабылдаған жоқ.
Іске қатысты сот процесі әлі де жалғасуда.