Жаңадан тағайындалған орынбасар Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов білім, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және дін салаларын қадағалайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқып, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін иеленген.
2007-2013 жылдары Астана және Алматы қалаларында әр түрлі үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеген.
2013-2018 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратында бас инспектор және бөлім басшысы қызметтерін атқарды. Қалалық ішкі саясат бөлімін басқарған. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында стратегиялық даму бөлімінің бас инспекторы әрі басшысы болып еңбек етті, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2019-2021 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2021-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қостанай облысы