• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері кеңейеді - депутат

80 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Е. Смышляева Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы заңнаманың жетілдірілген нұсқасы таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттың баяндауынша, заң жобасында кондоминиумды басқарудың екі түрі мүлік иелерін біріктіру, тікелей бірлескен басқару тетіктері енгізілген. 

Қарапайым серіктестіктер өз жұмысын басқарудың екінші түрі ретінде жалғастырады. Ал басқару субъектілерінің екі түрі басқарушы компания, пәтер иелерінің кооперативі қолданылады.

Басқару субъектілері үшін жаңа міндеттер енгізіледі: 

- тұрғындарға цифрлық дауыс беруге және есеп алуға мүмкіндік береді;

- әр үйге бөлек шот ашады;

-тұрғын үй инспекциясына қызмет басталғаны және қызмет көрсетуге алынған үйлер туралы хабарлайды;

- штатта кәсіби менеджерлер болу қажет.

Пәтер иелері кооперативтерінің басқару субъектісі ретіндегі қызметіне жаңа мынадай талаптар қойылады:

қайта тіркеу тәртібі; құқық белгілейтін құжаттарды беру тәртібі; жұмыстың ашықтығына қатысты талаптар; кірістер тек жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

Мүлік иелерінің бірлестіктері үшін бірлестік төрағасының өкілеттігі бір жылдан үш жылға дейін ұлғайып, бірлестікке үй басқару қызметін өз еркімен жүргізуге құқық беріледі. Сондай-ақ, төраға еңбек шарты бойынша кәсіби басқарушыны жалдап, оған бірқатар өкілеттік бере алады.

Заң жобасында тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері кеңейту де көзделген.

кәсіби басқарушыларда біліктілік сертификаты болу керек; кондоминиум объектісі тіркелуі тиіс; тұрғын үй-жайды пайдалану нормаларын сақтау міндетті; мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде жылыту маусымына үйлерді дайындайды.

Құрылыс салушылар бірінші пәтерді сатқаннан кейін кондоминиумды тіркеуге міндетті. Жиналыс хаттамасына ресми құжат мәртебесі беріліп отыр. 

 Заң жобасында әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі:

- шоттарды ашу мерзімдерін бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл;

- ай сайынғы және жылдық есептерді ұсыну мерзімдерін бұзу – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл;

- құрылыс салушының үй құжаттамасын ұсынбауы – айлық есептік көрсеткіштің 100-200  дейінгі айыппұл;

- басқару субъектісінің үй құжаттарын бермеуі – 50-10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл қарастырылады.