• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Бөлшек сауданың үштен бірінен астамы Алматыда шоғырланған

60 рет
көрсетілді

Биыл Алматы қаласындағы бөлшек сауда наурыз айында 23%-ға өсіп, 571,2 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ 2025 жылдың қаңтар-наурыз айында Алматыдағы бөлшек сауда көлемі 1,4 трлн теңге болды. Қаладағы бөлшек тауар айналымының республикалық көлемдегі үлесі – 31,6%. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында азық-түлік тауарларының сату көлемі 303,6 млрд теңгеге (үлесі – 21%), ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,1 трлн теңгеге (үлесі – 79%) жеткен.2025 жылы наурызда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда салыстырмалы бағамен 23%-ға артқан (571,2 млрд теңге). Сондай-ақ, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша да 15,3%-ға өсім байқалды, деп атап өтті қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Соңғы жаңалықтар