Бүгін Сара Алпысқызы Назарбаеваның ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты «Қазақстан жетімдер үйлері түлектері қауымдастығы» ЗТБ президенті Рафаэль Гасанов растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Менен Сара Алпысқызының сырқаттанғаны рас па деп сұрайды. Иә, өкінішке қарай, бұл – шындық» деп жазды ол.
Еске салайық, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаева ұзақ жылдар бойы қайырымдылықпен және білім беру саласымен айналысып, ізгі педагогика, инклюзия және рухани-адамгершілік тәрбие идеяларын ілгерілетті. 1997 жылы бала және отбасы мәселелерін дамытуға қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның халықаралық сыйлығына ие болған. «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын және «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорын құрған.
Сара Алпысқызы 5 мамырда Алматыдағы ауруханалардың біріне ауыр халде түскен.