• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 14:15

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылады

30 рет
көрсетілді

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Кенесары көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жөндеу жұмыстары Ә.Сембинов көшесінен Е.Брусиловский көшесіне дейінгі аумақты қамтиды.

5-11 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады.

Көліктер бұрынғыша екі бағытта жүре алады, бірақ жолдың бір жағында ғана.

«Тұрғындардан ықтимал өзгерістерді ескеріп, маршруттарды алдын ала реттеуді сұраймыз», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, елордада көшелерді реконструкциялау жұмыстары бір мезгілде ондаған учаскелерде жүргізіліп жатыр.