Астанада 9–11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін Grand Slam әлемдік турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімдері анықталды. Сонымен қатар жарысқа қатысатын құрам толық бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерлер:
- 60 келі: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар
- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов
- 73 келі: Саясат Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Әбдурахманов, Есет Қуанов
- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай
- 90 келі: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов
- 100 келі: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас
+ 100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев
Әйелдер:
- 48 келі: Диана Буркеева
- 52 келі: Құндыз Жылқытай, Айшабибі Мұрадимова
- 57 келі: Дина Мұханбет, Дана Әбдірова
- 63 келі: Асылжан Орынбасарова
- 70 келі: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова
- 78 келі: Нәзерке Тілеуханова, Замзагүл Файзолланова
+ 78 келі: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова
Айта кетейік, жарысқа әлемнің 48 елінен 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Турнирге кіру тегін.