
Фото: Видеоскрин
Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі, рельс деңгейін, жүк салмағын тексеріп, арақашықтықты өлшеуден өткізіп, рекордтың орнатылғанын растап, сертификат табыстаған. Артық Досалиев жетістігін жеңіс күні қарсаңында батыр бабалар рухына арнаған. Нәтижеге жету үшін бір жыл бойы дайындалыпты.
Пауэрлифтингтен 5 рет әлем чемпионы, 2 дүркін Еуропа және Азия жүлдегері атанған Артық Досалиев алдағы жылдары осындай жеңіс мерекесі қарсаңында 6-7-10-20 вагонға дейін сүйреуге ниеттеніп отыр.