Құқық • Бүгін, 16:31

Қызылордада екі аптада 5 мыңға жуық жүргізуші құқық бұзған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ-нің нұсқауына сәйкес жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада екі аптада 5 мыңға жуық жүргізуші құқық бұзған

Оның 13 күнінде Қызылорда облысында 4 986 құқық бұзу дерегі анықталыпты. Полицейлер дерегінше міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың 373, белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарудың 131, заңсыз қайта жабдықтаудың 85, қауіпсіздік белдігін тақпау және тасымалдау қағидаларын бұзудың 946, жаяу жүргіншіге жол бермеудің 153 фактісі тіркелген. 

«226 адам көлік тізгінінде ұялы телефонмен сөйлескен, 214 көлік міндетті техникалық тексеруден өтпеген, 153 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе, 47 жүргізуші мас күйінде рульге отырған. Ал 542 адам жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеген, 32 жүргізуші авариялық жағдай туғызған», облыстық полиция департаменті мамандары. 

Осы уақыт ішінде 540 автокөлік айып тұрағына қойылып, 161 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды.