• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Ауыл Кеше

Ауыл тұрмысы – инфрақұрылым дамуына байланысты

20 рет
көрсетілді

Инфрақұрылым – ауыл халқының әл-ауқатын арттырудың басты тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында ауылдық елді мекендердің дамуына ерекше мән беріп келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ауылдарды таза ауыз сумен, сапалы жолмен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып отыр.

2025 жылдың 1 мамырына дейінгі мәлімет бойынша, ауданға қарасты 44 ауылда тұратын 24 380 адамның ішінде 36 ауылдың (22 074 адам) тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылған. Бұл – жалпы көрсеткіштің 90,5%-ы. Олардың ішінде 17 ауылда (18 039 адам) орталықтандырылған су жүйесі іске қосылса, 16 ауыл (3 170 адам) әкелінетін су арқылы жұмыс істейтін тарату пункттерімен жабдықталған. Тағы 3 ауылдың (3,5%) тарату пунктер жұмыс істеп тұрған құбырлардан сумен қамтамасыз етілуде.

Қазіргі таңда Новошумное мен Лесное ауылдарында құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту да Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы аудандық маңыздағы 12 жол учаскесінде (жалпы ұзындығы 44,15 км) орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су өткізу құбырлары ауыстырылды. Ал 2025 жылы 115,9 шақырым аудандық жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Көше-жол желісі бойынша да жұмыс қарқынды. Өткен жылы 13 елді мекендегі 22 көше (20,2 км) жөндеуден өтті. Биыл тағы 6 ауылда жалпы ұзындығы 19,7 км болатын 11 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Бұл жұмыстар – Президент тапсырмаларына сәйкес, ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы нақты қадамдар. Олар ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.