• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Өнер Кеше

Токиода жапон жігіті «Адай» күйін тартып, көпшілікті таңқалдырды

60 рет
көрсетілді

Жапонияда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Елдос Сүгірбай есімді азамат желідегі жеке парақшасына жапонның домбыра тартып отырған сәті таспаланған видеоны жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Көшеде келе жатып, домбыра үнін естідім! Мұндайды түсімде көрсем де сенбес едім, – дейді видео авторы.

Кейін ол жапон домбырашысына жақындап, оның бұл аспапты қайдан үйренгенін сұрайды. Музыканттың айтуынша, ол домбырамен алғаш рет Ыстамбұлда танысқан.

Мен Ыстамбұлда бір қазақпен таныстым, сол кісі домбыра тартуды үйретті. Кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда оқыған Тұрысбек мырзамен танысып, шеберлігімді шыңдадым. Одан әрі өз бетіммен нота арқылы үйрендім, – деп жауап берді ол.

Сондай-ол домбырашы Секен Тұрысбекпен кездескенін де атап өтті. Әңгіме барысында ол «Адай» күйін орындады.

Соңғы жаңалықтар