Taza.kz

# Өнер

Өнер • 20 Мамыр, 2026

Фотоөнер кімге керек?

Екінің бірі фото түсіріп, жариялап жатқан мына заманда мұндай сұрақтың қойылуы тосын көрінер. Бірақ мен осы сұрақ арқылы фотограф мамандығы үшін қажетті академиялық білімнің маңыздылығына назар аудартқым келеді.

Өнер • 11 Мамыр, 2026

Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер

Сонау Өскеменнен шекара асып, іздеп келгенім осы ақсақал. Байырғы қазақ шаңғысын жасаудың нақ шебері. Бекзат өнерді берік ұстанған Сләмбек Сақышұлы Алтай қаласының іргесінде ғана тұрады. Әкесі 1930 жылдары Катон-Қарағайдың Шыңғыстайынан көшіп барыпты. Тұрғылықты жерін тауып беруді жарты жыл бұрын Шыңжаң өлкесінің азаматтарына тапсырып қойғанмын. Жол міне, жер аяғы кеңіген соң ғана түсті. Қазір жақсы, қазақ-қытай шекарасы ашық, визасыз режім. Ала сөмке арқалаған кейбір ағайындар таңертең барып, кешкісін бері өте шығады. Біз де сенбі-жексенбіні пайдаланып, Алтайдың арғы бетін аралап қайттық.

Өнер • 28 Сәуір, 2026

Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті

Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында ауқымды музыкалық флешмоб өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 23 Сәуір, 2026

Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Астанада Қазақстандағы Ресей Федерациясының мәдениет күндерінің ашылу салтанатында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпусы мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өнер • 17 Сәуір, 2026

Бағланова атындағы байқау

Қазақ өнерінің көгінде тағы бір жарқын жұлдыз жануға әзір. Дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған, рух пен шеберлікті таразыға салған халықаралық вокалдық байқау – Роза Бағланова атындағы өнер додасы биыл да кең тыныспен қанат жайды.

Өнер • 15 Сәуір, 2026

Толық аншлаг: NU студенттер оркестрінің концерті 1500 көрермен жинады

Nazarbayev University-дің студенттер оркестрі (NU Orchestra) еліміздің симфониялық музыка тарихында жаңа бет ашты. Ғылым қызметкерлері күніне орай шығармашылық ұжым елордадағы бірегей сахнаның бірі – Бейбітшілік және келісім сарайында жеке концерт қойды. Ауқымды іс-шараға көрермендер айрықша қызығушылық танытты. Оған 1500 адам жиналды. Концерт толық аншлагпен өтті.

Өнер • 14 Сәуір, 2026

Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»

Қобыз – қазақ халқының рухани әлемін тереңнен толғайтын, сыры тылсым, үні мұңға толы өзгеше аспап. Бұдан 4 000 жыл бұрын пайда болған көне аспап туралы әңгіме қозғау қиынның қиыны. Өйткені, қобыз – бағзы бабаларымыздың кие тұтқан бір тотемі және осынау аспапты жанына серік тұтқандар сирек. Сондай жанның бірі – Бақыткүл Кәрібай. Біз 40 жасында қобыз ұстауға біржола бекіп, кейіннен «Қобыз әже» атанған Бақыткүл Аханқызымен әңгімелескен едік.

Өнер • 11 Сәуір, 2026

Ырғақ пен сезім тоғысқанда

Ұлттық музейде корейлік жаңа медиа суретші әрі композитор Хван Сонджонның «Планетарлық өрім: Теллуриялық ырғақтар мен тоғысқан естеліктер» атты жеке көрмесі ашылды.

Өнер • 10 Сәуір, 2026

Қоғамға ой салған қолтаңба

Суретші-иллюстратор Аңсаған Мұстафаның суреткерлік қолтаңбасында артық бояу да, күрделі композиция да жоқ. Есесіне, бүгінгі қоғамның көрінісі мен күнделікті өміріміздің көлеңкелі тұстары еш әспеттеусіз әсерлі беріледі.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика