Спорт • Кеше

Қазақстанның бірінші Александр Бублик «Ролан Гарростың» алғашқы айналымынан өте алмады

1 мин
оқу үшін

Александр Бублик Францияның ашық чемпионатындағы бірінші айналымда неміс теннисшісі Ян-Леннард Штруффтан ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның бірінші Александр Бублик «Ролан Гарростың» алғашқы айналымынан өте алмады

Әлемдік рейтингте 80-ші орында тұрған отандасымыз өзінен  әлдеқайда атақты ойыншыға қарсылық көрсете алды.  Бірінші сетте неміс споршы басым болса, екінші сетте қазақстандық есепті теңестірді.

Үш сағаттан аса уақытқа созылған тартысты ойынның соңында Бублик есе жіберіп алды. Қорытынды есеп 5:7, 7:6, 4:6.

Естеріңізе салайық, Бубликтің алдында тағы бір теннисшіміз Александр Шевченко да жарыс жолын аяқтаған еді. Осылайша ерлер бәсекесінде сынға түсетін қазақстандық теннисші қалмады.  

 

Соңғы жаңалықтар