• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:35

Трамп дәрі-дәрмек бағасын 80%-ға дейін төмендетуге ниетті

20 рет
көрсетілді

АҚШ Президенті Дональд Трамп рецептуралық дәрі-дәрмектердің бағасын 30–80%-ға төмендететін жарлыққа қол қоюға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамптың айтуынша, АҚШ-та дәрі-дәрмектің құны басқа елдермен салыстырғанда бірнеше есе қымбат, кейде тіпті 5–10 есеге дейін жоғары. Ол бұл жағдайды «ұзақ жылдар бойы түсіндіру қиын әрі ұятты жағдай» деп бағалады.

«Фармацевтикалық компаниялар зерттеу мен әзірлеуге кеткен шығындарды желеу етіп, барлық ауыртпалықты тек АҚШ азаматтарына артып келді. Бірақ бұл ақталатын іс емес», деді ол.

Ол сондай-ақ фармкомпаниялардың сайлау науқанына жасайтын демеушілігінің өзіне және Республикашыл партияға әсер етпейтінін айтты.

«Біз әділетті шешім қабылдаймыз. Ертең таңғы сағат 9:00-де Ақ үйде ел тарихындағы ең маңызды жарлықтардың біріне қол қоямын. Бұл жарлықтың нәтижесінде рецептуралық дәрі-дәрмектер мен өзге де фармацевтикалық өнімдердің бағасы 30–80%-ға дейін төмендейді», деп мәлімдеді Трамп.

Трамп бұл бастаманы «АҚШ-тағы әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы алғашқы қадам» деп атап, америкалықтардың денсаулық сақтау шығындары бұрын-соңды болмаған деңгейде азаятындығына уәде етті.

Fox News мәліметінше, бұл жарлық Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігін Medicare бағдарламасы бойынша дәрі-дәрмек бағасына қатысты фармацевтикалық компаниялармен тікелей келіссөздер жүргізуге міндеттейді. Айта кетейік, аталған бағдарлама Байден әкімшілігінің инфляцияны төмендету туралы заң аясында қабылданған болатын.