2026 жылғы 9 мамырда «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болды. Өндірістегі қайғылы жағдай салдарынан компания қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, қаза болған.
Ақмола облысындағы сүт зауытында жарылыс болды: 2 жұмысшы зардап шекті
Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тиісті тергеу амалдары жүргізілуіп жатыр.
Компания басшылығы қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық тиісті көмек көрсетілетіні хабарланды.
Еске салайық, бұған дейін 27 сәуірде «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға тіркеліп, бір қызметкер көз жұмғанын жазған едік.