Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстандағы жұмысшылардың еңбекақысы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кейбір салаларда қызметкерлердің айлығы бір жарым миллион теңгеге дейін жеткен.
Ең жоғары жалақы – 1 434 506 теңге – қаржы және сақтандыру саласындағы көмекші қызмет түрлерінде жұмыс істейтіндерге төленген.
Сондай-ақ келесі салаларда орташа жалақы 1 миллион теңгеден асып түскен:
Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да ІТ-қызметтер – 1 329 063 теңге
Жылжымайтын мүлікті сату – 1 248 068 теңге
Басқару мәселелері бойынша кеңес беру – 1 176 893 теңге
Құбыр арқылы тасымалдау қызметі – 1 055 692 теңге
Сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру (міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан тыс) – 1 045 041 теңге
Теңіз және жағалау жүк тасымалы – 1 042 752 теңге
Әуе жолаушылар тасымалы – 1 032 605 теңге
Су көлігі қызметі – 1 026 145 теңге
Жалпы әуе көлігі қызметі – 1 022 311 теңге
Бұл көрсеткіштер елдегі кейбір салаларда мамандардың жоғары сұранысқа ие екенін, сондай-ақ еңбек нарығының белгілі бір бағыттарда белсенді дамып жатқанын көрсетеді.