Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі қаралды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін болды.
- Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 14 жасар К.- ге қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулысы бар қылмыстық іс келіп түсті (ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2)тармағы). Сот К.-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұра отырып, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған адамға яғни Е.-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады, - делінген сот хабарламасында.
Сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес жасөспірім созылмалы психикалық аурудың салдарынан, әрекет кезеңінде өзінің іс-қимылының нақты сипаты мен әлеуметтік қауіптілігін түсінбеген және оларды басқара алмаған, психикалық жағдайы бойынша өзіне және қоғамға қауіп төндірген.
Ол мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді.
ҚК 16-бабының талаптарына сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.
- Сот қаулысына сәйкес, К.-ге Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды, - деп хабарлады соттан.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.