• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:20

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

10 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды. Басшыны департамент ұжымына ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төлеген Сәрсембаев қаржылық бақылау және салық саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Ол еңбек жолын 1993 жылы бастап, Алматы қаласының салық органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Мемлекеттік кірістер және салық органдарындағы басшылық қызметтерін келесідей кезеңдер қамтиды:

2005–2008 жылдары Қызылорда облысы бойынша Салық комитетін басқарды; 2009–2013 жылдары Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің басшысы болды; 2013–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды;  2014–2017 жылдары Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды; 2019–2020 жылдары Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ Төлеген Сәрсембаев Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасары, Алматы облысы әкімінің аппаратының басшысы секілді жауапты лауазымдарды атқарған.

Соңғы жылдары ол ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы сияқты республикалық деңгейдегі қызметте болған.

Жаңа басшыны таныстыру кезінде Ерғали Егемберды Төлеген Сәрсембаевтың кәсіби тәжірибесі мен басшылық қабілетіне жоғары баға беріп, Жамбыл облысының салық және кірістер жүйесін одан әрі дамытуда сәттілік тіледі.