• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:10

Ел тәжірибесі халықаралық алаңда таныстырылды

20 рет
көрсетілді

ЕҚЫҰ-ның «Инклюзивтілік және құқықтар мен мүмкіндік­терді кеңейту арқылы тұрақтылықты құру» конференциясына Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова қатысты. Жиында өкіл еліміздің гендерлік теңдік пен адам құқықтарын ілгерілетудегі күш-жігерін таныстырды.

Конференцияда елші Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан демократиялық рефор­малардың тұрақты әрі жүйелі түрде жалғасып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ бұл реформалар халықаралық серіктестердің, соның ішінде ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ және Еуропа Кеңесінің кең қолдауына ие болып отырғанын ерекше атап көрсетті.

«Негізгі жетістіктердің қата­рында 2023 жылы БҰҰ ұсыным­дарына сәйкес әзірленген Адам құқықтары мен заң үстемдігі жөніндегі іс-қимыл жоспарының бекітілуі, 2024 жылы әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәсе­лелері бойынша кейбір заң­на­малық актілерге өзгеріс­тер мен толықтырулардың енгізілуі, сондай-ақ 2025 жылғы наурызда Алматы қа­ласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақ­саттары жөніндегі БҰҰ Өңір­лік орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары­ның қабылдануы атап өтуге тұрар­лық. Сонымен қатар Мәдина Жар­босынованың 2025–2028 жыл­дарға Әйелдерге қа­тысты кемсітушілікті жою жөнін­дегі БҰҰ комитетіне (CEDAW) сай­лануы өңір үшін маңыз­ды қадам болды», деді Н.Нәдірқұлова.

Сонымен қатар ол еліміздің Ыстанбұл конвенциясына қосы­луына дайындықты, БҰҰ-ның мүгедек балалар мен адамдардың құқықтары жөніндегі хаттамаларын ратификациялауды, бұдан бөлек «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібіне белсенді қатысуды қоса алғанда, халықаралық міндеттемелерге бейілділігін растады.

Жалпы, конференцияда әлем­­нің әр түкпірінен ұйымның 400-ден астам адам бас қосты. Жиында гендерлік теңдік, әйел мен қыздарға арналған тең мүм­кіндіктер, зорлық-зомбы­лық­тың салдарынан туындайтын мәселелер кеңінен талқыланды. Пікірталасқа Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Мариана Беца мен Финляндия­ның Әлеуметтік істер және ден­сау­лық сақтау министрлігінің мемлекеттік хатшысы Лаура Риссанен де қатысты. Одан бөлек, ЕҚЫҰ-ның құрылымдары мен институттарының, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері бой көрсетті.

ЕҚЫҰ-ның Финляндиядағы өкілі Веса Хяккинен конферен­циядағы сөзінде «Гендерлік теңдікті насихаттау – тек әділет­тілік мәселесі емес, бұл тұ­рақ­тылық, қауіпсіздік және мық­ты қоғам құру алғышар­ты. Әйел­дер мен қыз-келіншек­тердің қоғамдық, саяси және экономи­калық өмірге толыққанды қаты­суы – инклюзивті әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңыз­ды тетігі. Сондықтан да гендер­лік теңдікке қол жеткізуге бағыт­талған нақты шаралар барлық мемлекеттің ұзақмерзімді дамуы мен демократиялық институт­тарының нығаюына жол ашады», деді.

Іс-шараның негізгі сессиялары гендерлік теңдік саласындағы өзекті үрдістерге ар­налды. Атап айтқанда, «Әйел­дер, бей­біт­шілік және қауіп­сіздік» тақы­ры­бын қазіргі күр­делі геосаяси жағ­дайларда қайта қарау, гендер­лік зорлық-зом­­­бы­лықтың алдын алу, цифр­­лық дәуірде тең мүм­кін­дік­­терді қамтамасыз ету мәсе­­лелерін қамтыды. Фин­лян­­­ди­яның Украи­наға қолдау көр­сету жөніндегі басым ұс­таны­мына сәйкес, жиын шең­берін­де украин әйелдерінің құқы­ғын халықаралық дең­гей­де күшейтуге арналған арнайы сессия ұйымдастырылды.

Конференция аясында «Әйел­дер, бейбітшілік және қауіпсіз­дік» тақырыбындағы міндет­теме­­лер­ді тиімді іске асыруға бағыт­тал­ған халық­аралық деңгейдегі жол картасы таныстырылды. Аталған құжат ұйым­ның осы саладағы кешенді қыз­метіне жан-жақты талдау жасап, қатысушы мемлекеттер үшін нақты іс-қимылдар мен практикалық қадамдарға негіз­делген бағыт-бағдар ұсына­ды.