• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі 23 Қазан, 2025

Шахтинскіде жасырын есірткі өсіретін лаборотория табылды

41 рет
көрсетілді

Шахтинск қаласында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан 39 жастағы тұрғын ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Тексеру кезінде оның үй ауласындағы қорада қарасора өсіруге арналған арнайы жарық пен суару жүйесі бар фитолаборатория ұйымдастырғаны белгілі болды. Күдікті тұқымдарды көктемде тауып алып, интернет арқылы жылыжай жасау тәсілдерін үйренгенін айтқан.

Полиция қызметкерлері жылыжайдағы барлық құрал-жабдық пен тұқымдарды тәркіледі. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен тергеу амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар