• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 21:49

29 000 теңге: Қазақстанда FIFA World Cup 2026 монеталары сатылымға шықты

20 рет
көрсетілді

Елімізде FIFA World Cup 2026 чемпионатына арналған естелік монеталар сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Монетаның артқы бетінде турнирді қабылдайтын елдер – Канада, АҚШ және Мексика мемлекеттерінің тулары бейнеленген.

Монета 925 сынамалы күмістен жасалып, алтын жалатылған. Номиналы –1000 теңге, ал Қазақстан ішкі нарығына арналған таралымы небәрі 1500 дана.

Бұл естелік монетаны Қазақстан Ұлттық Банкі интернет-дүкенінен 29 000 теңгеге (шамамен 63 доллар) сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар