• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 21:40

Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады

20 рет
көрсетілді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат ережелері қатаңдайды. Енді кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады. Сонымен қатар, самокаттарға арнайы нөмірлік белгілер орнатылып, жол қозғалысы ережесін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл құқық бұзушыны нақты анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, электросамокатты жалға алу үшін міндетті түрде сақтандыру полисі мен жүргізуші куәлігі қажет болады. Осылайша, жасөспірімдер жалға берілетін самокаттарды пайдалана алмайды. Егер олар қандай да бір жолмен самокатты жалға алса, жауапкершілік ата-аналарына жүктеледі.

Елордада электросамокаттарды бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Бұл ережелер тек жалға берілетін электросамокаттар мен велосипедтерге қатысты. Ал жеке меншік иелеріне нөмір тағу міндетті емес. Дегенмен, олар да жол қозғалысы ережелерін сақтауы тиіс. Ереже бұзылған жағдайда, олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жаңалықтар