• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:12

Абылай Мырзахметов түрмеден шартты түрде босап шығуға өтініш берді

40 рет
көрсетілді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы, алаяқтық үшін сотталған Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы 46-қылмыстық-түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Жақында Бас прокуратура осы мекемеде түсірілген видеоны жариялаған болатын. Бейнежазбада түзеу мекемесінде биг-бэг қаптарын өндіретін шағын өндіріс іске қосылғаны көрсетілген. Қажетті жабдықтар мен жұмыс орындарын кәсіпкерлер қамтамасыз еткен.

Бас прокуратураның мәліметінше, еңбекпен тәрбиелеу саясаты аясында көп сотталғандар жұмысқа орналасып жатыр. Абылай Мырзахметов те осы бастаманың бел ортасында жүр. Ол өз қаражатына бірнеше тігін машинасын сатып алып, басқа сотталғандармен бірге қап тігу ісімен айналысып жатыр. Еңбекақысынан бөлек, сыйақы және бонус жүйесі де қарастырылған.

Еске салайық, Абылай Мырзахметов аса ірі көлемде алаяқтық жасады және кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталып, 2024 жылдың мамырында 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Биыл қаңтарда ол қалған жазасын бостандықты шектеу түріндегі жазаға ауыстыруды сұрап, сотқа өтініш білдірген. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Себебі, жазасын өтеу барысында оның тек бір рет қана ынталандырылғаны және бұл оның негізгі міндеті екені айтылған.