• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Сенат Бүгін, 09:00

Аквашаруашылық туралы заң Мәжіліске қайтарылды

40 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, онда депутаттар аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен және электр энергетикасы салаларын дамытуға арналған заңдарды қарады.

Отырыс барысында сенаторлар «Аквашаруашылық туралы» және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері­не аквашаруашылық, агроөнер­кәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мем­лекеттік органдардың функ­­цияларын қайта бөлу мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды екі оқылымда қара­ды. Құжаттар жаңа өндіріс­тер­ді құру және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту арқылы аквашаруашылықты орнықты дамытуды көздейді. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемін ұлғайту мәселесіне де баса мән берілді.

Заңда балық өсіретін шаруа­ларға көмек көрсетуге қатысты норма да қарастырылған. Мем­лекеттік субсидияларды беру өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыру, асыл тұқымды ба­лық шаруашылығын дамыту, ин­вестициялық салымдар ке­зін­де шығыстардың бір бөлі­гін өтеу, су беру жөніндегі қызметт­ерге ақы төлеу, сондай-ақ кре­диттеу кезінде сыйақы мөлшер­лемелерін субсидиялау сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Мұндай нормалар балық өсірумен айналысатын кәсіпкер­лерге шаруашылықта кезде­сетін өзекті мәселелерді шешуге көмектесу үшін қолға алынып отыр.

«Бүгін қаралған заңдар аква­шаруа­шылық саласында туын­дай­тын құқықтық қатынас­тарды реттейді. Жаңадан әзірлен­ген жеке заң аясында аква­шаруа­шылық субъектілері мен олардың қызмет түрлері айқындалды. Сондай-ақ салаға жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың құзыреттері де нақтыланды. Аквашаруашылық субъек­тілерін мемлекеттік ынталан­дыру және инвесторларға қолайлы жағдай жасау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Заңдарды қарау барысында сенаторлар бірқатар ұсыныс берді. Алдағы уақытта қаралған заңдар еліміздегі аквашаруашылықтың орнықты дамуына тың серпін береді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Талқылау нәтижесінде сенаторлар заңдарды қолдап, оларға бірқатар түзету енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, ұсынылған өз­геріс­тер бекітілген балық шаруа­шы­лығы су айдындары мен учас­келерінде тек Қазақстан Респуб­ли­­касының заңдарымен ғана ты­йым салуды белгілеуге және аква­ша­руашылық субъекті­лері жосық­сыз аквашаруашылық субъекті­лерінің тізіліміне енгізі­летін негіздерді нақтылауға қатысты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар депутаттар табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге байланысты нормаларды Салық кодексіне сәйкес кел­тіру қажет екенін айтты. Осыған байланысты заңдарды сена­тор­лар енгізген түзетулермен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар