• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Бизнес Бүгін, 10:02

Шағын наубайхана төрт ауылды нанмен қамтамасыз етеді

20 рет
көрсетілді

Айыртау ауданындағы «Антоновка» ауылында ашылғалы отырған «Ясмина Агро» ЖШС жаңа наубайханасы тәулігіне 500 дана нан пісіріп, «Жұмысшы», «Комаров» және «Лавровка» ауылдары тұрғындарын да ас төресімен қамтамасыз етпек.

Кәсіпорын бұл жобаны 70 млн теңге қаражатқа іске асырды.

Жылы нанның бағасы 150 теңгеден аспайды, әлеуметтік аз қамтылған топқа жеңілдіктер де қарастырылмақ. Нан пісіретін ұнды кәсіпорын өздерінің диірменінен алады. Сөйтіп кәсіпорын даладағы дәннен – үйдегі ыстық нанға дейін өз өнімдерін ұсынылғалы отыр. Наубайханада бес адам нәпақасын айыратын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы